2021 жылдың ақпан-наурыз айларында Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 9-10 класс және колледж оқушыларына «Жастар жемқорлыққа қарсы» деп аталатын сауалнама өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлық жөніндегі түсініктерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша оқушылар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.

 

Сауалнама 9 сұрақтан құралды. Оның ішінде қоғамда белең алып жатқан өзгерістер мен өмірлік сатыға өту кезіндегі құбылыстарға сыбайлас жемқорлықтың тигізер әсері, мектеп ішінде мұғалімдер мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзіндік ережелердің сақталу деңгейі, өз мәселелерін шешу  және өзгелердің тарапынан болатын үгіт-насихат кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың рөлі сауалнама сұрақтарында қарастырылды.

 

Нәтижесінде, класта, мұғалімдерге сыйлық үшін, ауруды емдеп жазу үшін дәрігерге, ЖОО-на түсу үшін, қосымша білім үшін ақша жиналу фактілері анықталған жоқ.

 

Сауалнама кезінде оқушылар өз ойларын ашық жеткізіп, сұрақтарға жауап беруге қиналған жоқ. Сауалнама соңында әрбір оқушыға сыбайлас жемқорлықтың зияны мен тигізер залалын ескертіп, бұл әдеттен бойларын аулақ ұстау керектігі түсіндірілді.

 

                      Мектеп психологтары    Г.Қ.Борамбаева

                                                       С.Т.Нурушева