2021 жылдың 1 қыркүйек күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ 1 класс оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндерге Әліппе оқулығы табысталды. Салтанатты шараға 1 класс оқушылары, ата-аналары және ұстаздар қатысты. «Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы» Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Мы вас любим!» клоунада театры оқушыларды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Шара барысында санитарлық талаптар сақталды.