"Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы"

 

Туған жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеу болып табылады. Жас ұрпақ бойына  елжандылық қасиеттерді сіңіріп, ұлттық рухта тәрбиелеуде мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. 

Еліміз егемен атанып, әлемге танылғанына 30 жыл уақыт болды. Содан бері өз Ата заңымыз, төл теңгеміз бен Мемлекеттік рәміздеріміз елеміздің тәуелсідігін айқындап, мәртебесін биікке көтергенін мақтаныш етіп, жас ұрпаққа паш ету – міндетіміз.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Мемлекеттік рәміздерді оқушылар арасында насихаттау, сөздік қорын дамыту, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Сабақ барысында тәрбиешілер оқушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Гимн – тәуелсіздігіміздің тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты екендігін, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті екендігін түсіндірді. «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.» - деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне түсінік берілді. Сабақтар WhatsApp  желісі және Zoom арқылы өткізіліп, ым-ишара тілінде жеткілікті түсіндірілді.