Бастауыш буын кластар тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің  "Ғажайыпқа толы әлем..." атты  тақырыптық апталығы 25-29 қаңтар 2021жылы аралығында онлайн түрінде өтті.

 

Апталықтың мақсаты: Жас ұрпаққа адамның әлеммен үйлесімі туралы түсініктерін кеңейту; ой - өрісін кеңейте отырып, қоршаған әлемді түсіне білуге,тануға баулу; олардың бойынан қоршаған ортаға ізгі ниет қасиеттерін, жанашырлық сезімдерін дамыту; адамгершілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу; түзету жұмыстарын жүргізу, анық, таза сөйлеуін талап ету. Апталықтың жоспары бірлестік отырысында талқыланды. Жоспарланған шараларға жауапты тәрбиешілер өздеріне жүктелген міндеттерге аса жауапкершілікпен қарап, тәрбиелік шаралардың өз мәнінде өтуіне күш-жігерлерін салды.

 

25.01.21ж. апталықтың ашылуы бейнеролик арқылы болды.Жауаптылар Бақытов Б.,Данабекқызы А. ӘБ жетекшісі Тажбенова Л.Ж. апталықтың жоспарымен таныстырып,оқушыларды қызықты,тартымды өткізуге шақырды.

 

Бастауыш буын тәрбиешілері Балмухамбетова Ж.,Жулмагамбетова А. 0"б",1"б" тифло класс оқушыларымен "Путешествие в зимнюю сказку" тақырыбында танымдық тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға әртүрлі,қызықты тапсырмалар жасырып, сол тапсырмаларды оқушылар жақсы орындай білді және өз шығармаларынан өлең жолдарын оқыды.

 

26.01.21ж. бастауыш буын тәрбиешілері Шотанова Г.,Қосақбаева Ж.,Артықова А. мектепалды даярлық тобы оқушыларымен "Жануарлар әлемі" атты әңгіме сабағын өткізді.Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып,белсенділік көрсетті. Тәрбиешілер Боранбаева Ж.,Сейітжапарова Г. 4"а",4"ә" кластармен "Денсаулыққа бастайтын сиқырлы жол" тақырыбында викторина жүргізді. Оқушылардан салауатты өмір салты бағыты бойынша сұрақтардан жауап алды. Сонымен қатар спорттық жаттығулар жасап, балалар көңілді орындады. 

 

27.01.21ж. Тәрбиешілер Мендикулова Ұ.,Загитова Н.4"б" класс ата-аналарына "Ледяные чары зимушки-зимы" атты лэбпук арқылы демонстрациялау іс- шарасын өткізді. Іс-шара барысында ата-аналар мен жас мамандарға слайд және бейнеролик арқылы "Қыс" тақырыбына арналған лэпбук көрсетті.Қатысушылар өздеріне біршама мәлімет алды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиешілер Мустапина Г.,Кеңесова Л. бастауыш класс оқушыларымен "Ғажайыпқа толы ертегі" тақырыбында сурет салуды ұйымдастырды.Барлық балалар жауапкершілікпен қатысып,атсалысты. 

 

28.01.21ж. бастауыш буын тәрбиешілері Қанатбаева Ғ.,Оразбаева С.,Ахаева Г. оқушылардың білім деңгейін тексеру,ойынға деген қабілеттерін қалыптастыру,сөздік қорын дамыту мақсатында 2"а",3"а",4"ә" класс оқушыларымен "Не? Қайда? Қашан?" атты танымдық ойын өткізді.Ойынға оқушылар белсене қатысып, өздерін жақсы деңгейде көрсетті. Тәрбиешілер Маханова Б.,Тұрмантаева Ж.,Мамбеткулова Т."Ғажайып би әлемі" тақырыбында ұлттар биінен құралған жаттығулар жасатты.Барлық бастауыш класс оқушылары қызығушылықпен қатысып,белсенділік көрсетті. 

 

29.01.21ж. мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығын жүзеге асыру,істеп жүрген мамандары бойынша мағлұмат беру мақсатында Нурушева С.,Раисова М.,Молдагереева А.,Бақытқали П. "Удивительный мир профессии" тақырыбында ата-аналармен ток шоу өткізді.Ток шоу барысында 2"б",3"в" тифло класс оқушыларының ата-аналары мен сол сыныптардың тәрбиешілері өздерінің жасап жүрген кәсіптері жайлы сұғбат әңгіме жүргізді.Тәрбиешілер тарапынан қатысушыларға психологиялық,педагогикалық кеңестер берілді. Ток шоуға қатысқан ата-аналар ризашылықтарын білдіріп,жақсы әсер алғандарын айтты. Апталықтағы өткізілген барлық іс-шаралар мектептің инстаграм парақшасына жарияланды.